Анкарада әлемдегі ең үлкен пахлава әзірленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада пісірілген әлемдегі ең үлкен пахлава Гиннестің рекордтар кітабына кіргізілді. Бұл жайлы «Анадолы» агенттігі хабарлайды.

Пахлава Travelexpo 3-ші халықаралық туристік көрмесі және Анкара Сауда палатасы ұйымдастырған фестиваль аясында ұсынылды.

Рекордқа қол жеткізу үшін фестивальға Түркияның түкпір-түкпірінен аспаздар жиналған. Олар 515 келілік алып пахлаваны арнаулы жасалған пеште пісірді.

null 

Соңғы жаңалықтар