Ана құқығынан айырылған қостанайлық бір жарым жылдан кейін баласын қайтарып алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда таксиде қызын ұмыт қалдырғаны үшін аналық құқығынан айырылған келіншек шектеудің күшін жоюға қол жеткізді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай тұрғыны 2015 жылғы желтоқсанда аналық құқығынан айырылған, ювенальдық сот оны мас күйінде 5 жасар қызын таксиге қалдырып кеткені үшін айыпты деп таныды.

Прокуратура бөлімінің прокуроры Жанна Ыбыраеваның түсіндіруінше, көлікте баласын ұмытып қалдырғаннан кейін ол оны іздеп ішкі істер органдарына жүгінбеген.

«Ол еш жерде жұмыс істемейді, тұрмысы нашар», - деді Ж. Ыбыраева. - Алайда сот шешімімен қыз  «Жанұя» отбасылық түріндегі ауылға тұруға жіберілгеннен кейін анасы өзінің өмірін түбегейлі өзгерткен: жұмысқа орналасып, ішімдікті қойып, үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Сотқа жүгінген әйел оған мүмкіндік беріп, қызын қайтаруды өтінген. Ол қызына үнемі барып тұрғанын, баланы бағып-қағуға 204 мың көлемінде алимент төлегенін алға тартқан.

«Мұндай жағдайларда құзырлы орган кәмелеттік жасқа толмаған баланың мүддесі үшін анасының талап-арызын қанағаттандыруға келісті, - деп атап өтті Ж. Ыбыраева. - Қыз отбасына қайтарылды».

Соңғы жаңалықтар