Америкалықтар аса ауыр SLS зымыранын ұшыруды кейінге шегерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Space Launch System зымыран-тасығышы алғаш рет ғарышқа 2018 жылдың соңында аттандырылуы тиіс еді. 

Оны болашақта Марс пен Айды бағындыруға қолданылатын Orion кемесі орбитаға алып шығады деп күтілген.

Алайда қазір NASA үкіметке зымыран ұшыруды кейінге қалдыруды жоспарлағанын хабарлады. Соңғы шешім қыркүйек айының соңында қабылданады, деп жазды Space News порталы. https://spacenews.com/nasa-plans-to-delay-first-slsorion-mission-to-2019/

Порталдың хабарлауынша, ұшыру мерзімін ауыстыруға еуропалық серіктестер әзірлейтін Orion кемесіне арналған сервистік модуль жеткізілімдерінің кешігуі себеп болған. Аталған модуль 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жеткізілуі тиіс болған. Сервистік модульді монтаждаудың өзі бір жылға созылуы мүмкін: АҚШ мамандары бұл жұмысты тезірек бітіруді көздеп отыр. Жақын арада NASA сарапшылары Orion кемесін ұшқышсыз немесе бірден басқарылатын нұсқада ұшыру мәселесін шешуі тиіс.

SLS пен Orion жұбы ғарыштың алыс жерлерінде миссияларды орындауға арналған. Атап айтқанда, зымыран мен кемені Марсқа ұшу үшін қолдану көзделген. Space Launch System төменгі бекініс орбитасына 130 тоннаға дейін пайдалы жүктеме шығара алады.  Бірнеше рет ұшыруға болатын Orion ғарыш аппаратына алты астронавт сияды. Оны Lockheed Martin компаниясы құрастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар