Америкалық журналистер Трампқа ашық хат жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық журналистер АҚШ-тың сайланған президенті Трампқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды russian.rt.com.

«Ұлықтау рәсімі алдындағы соңғы күндері біз сіздің әкімшілігіңіз бен журналистер арасындағы қатынасты анықтап алғымыз келеді», - деп жазылған хаттың мәтінінде.

Хат Columbia Journalism Review журналының бас редакторы Кайла Поупаның атынан жазылған.

Журналистер Трамптың олардың кәсіби қызметіне шектеу қойып жатқандығына наразылық танытуда.

Трамп бұрынырақ оның инаугурациясына келуден бас тартқандардан билетті кері қайтаруын сұраған.

Ұлықтау рәсімі 20 қаңтар күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар