Америкалық өзінің үйлену тойынан кейін серуендеп шыққан кемеден секіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Реко Скотт пен оның жас әйелі Анжелика бір апта бұрын некесін қиған және көп күттірмей тойдан кейін Багам аралдарына серуендеуге аттанған.

 Бірақ жұма күні, аралға жетуге 15 шақырым жер қалғанда күйеу жігіт жоғары палубадан - шамамен тоғыз қабаттық биіктіктен секіріп кеткен. Бұл туралы Metro хабарлайды.

Круиздік кеме қоршалды. Команда мүшелері іздеу қайығын, ал АҚШ жағалау күзеті бұл аумаққа тікұшақ пен катер жіберді. Іздеу жұмыстары әлі оң нәтиже берген жоқ. Әзірге жігіттің не себепті секіріп кеткен белгісіз болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар