Америкалық инвесторларды Бурабай аймағындағы жобалар қызықтырады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучинск-Бурабай курортты аймағында америкалық инвесторларды қызықтыратын жобалар аз емес. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролмен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Ақмола облысы мен АҚШ  мемлекеті арасындағы экономикалық байланыстардың қазіргі жайы мен болашағы туралы әңгіме өрбіді. 

«Еліміздегі  ірі аграрлық өңір саналатын Ақмола облысы астықтың 25 пайызын өндіреді және жыл сайын шет мемлекеттерге шамамен 2 млн тонна бидай экспорттайды. Облысымызда америкалық инвесторларды қызықтыратын ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп, туризм саласындағы жобалар аз емес. Біз сондай жобаларға қатысқысы келетін инвесторларға заң шеңберінде барлық мүмкіндіктер жасауға әзірміз», - деді аймақ басшысы.
null

Өз кезегінде АҚШ елшісі үш жылдан бері Қазақстанда еңбек етіп келе жатса да Көкшетауға бірінші рет жолы түсіп отырғандығын, өңірдің қарқынмен дамып келе жатқандығын айтты.

«Туризм саласын дамытуға мол мүмкіндігі бар Щучинск-Бурабай курортты аймағында америкалық инвесторларды қызықтыратын жобалар аз болмасы анық», - деді елші.

Сондай-ақ Джордж Кролмен АҚШ энергетика министрі Ричард Пери бастаған делегацияның ЭКСПО-ны көру үшін Астанаға келетінін, аталған делегация өкілдерінің Ақмола облысына да сапары жоспарланып отырғандығын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар