20:06, 14 Қазан 2017 | GMT +6
Алып роботтар айқасқалы жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан біршама уақыт бұрын америкалық MegaBots және жапондық Suidobashi Heavy компаниялары алып роботтардың ерекше футуристік жекпе-жегін дайындап жатқандығы айтылған еді.
Міне енді осы айқастың қашан өтетіндігі белгілі болды.
Алып роботтардың яғни америкалық МК.3-пен жапондық робот Kuratas 18 қарашада жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды TechCrunch порталы.
Анықталғаны, роботтарды айқас алдында арнайы алып циркулярлық аралармен және өзге де қауіпті құрылғылармен жабдықтамақ.