«Алтын адам» Мәскеу көрмесіне қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы аясында Мәскеуде ежелгі дала өркениетінің бірегей мұрасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырып жатқан «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесіне келген Мәскеу тұрғындары мен қонақтары Қазақстаның нышаны ретінде бүкіл әлемге танымал болған «Алтын адам» экспонатын тамашалауға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері, біздің заманымызға дейінгі VII-ІІІ ғасырларға тиесілі алтын бұйымдар қойылған. Таныстыруға қойылған жәдігерлердің жалпы саны 170-тен асады.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов келушілер назарына ұсынылып отырған артефактілер сақ мәдениетінің зооморфтық «аң» стилін паш ететіндігімен бірегей саналатындығын баса айтты.

null«Сіздерді осынау көрмеде қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл көрме бірегей саналады. Себебі Есік қорғандар кешені мен «Алтын адам» - бұл елімзідің ең мықты тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі. Қазіргі Қазақстан аумағы - бұл 8 ғасырдан бастап біздің заманымызға дейін сақ мәдениетінің қалыптасып, одан ары дамыған кеңістігі. (...) Көшпелілер, сақтар осынау мәдениеттің тасымалдаушылары ретінде өте бай тарихи мұра қалдырды. Дегенмен, өкінішке орай аумалы-төкпелі заман сол артефактілердің аздаған бөлігін ғана бүгінгі күнге дейін сақтауға мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, «Алтын адам» 4 мың алтын бұйымдар түрінде табылды. Бұл Есік кешені қорғандарының қапталдағы қорымының бірінен ғана алынған бұйымдар»,- деді Елші.

nullРФ Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Владимир Аристархов Мәскеуде ашылған көрме «Алтын адамның» әлемдік шеруінің бастауы екендігін атап өтті.

null«ТМД елдерімен мәдени алыс-беріс пен ынтымақтастық Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жұмысының басымдығы саналады. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасының бірінші көрмесінің Мәскеуде өтуі біз үшін зор мәртебе. «Алтын адамның» табылуы 20 ғасырдағы археология саласының ең ірі оқиғаларының бірі болып табылады», - деді Владимир Аристархов.

nullАл РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдко бүгінгі көрмеден қазақ мемлекетінің шығу тегін, халықтық танымы мен мәдениетін көруге болатындығын баса айтты.

null«Бүгінде біз соңғы жылдары елдің қалай қарқынды дамып келе жатқанына және онда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қандай маңызды рөлге ие екендігіне куәміз. «Алтын адам» елдің бай-бақуатты даму тұмарына айналсын», - деді ол.
Айта кетерлігі, көрме 13 мамырға дейін жалғасады. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына Шығыс Азия (Жапония мен Корея), Еуропа (Австрия мен Франция), сонымен қатар ТМД елдері мен АҚШ кіреді.

nullЖобасының мақсаты Еуразияның Ұлы Дала белдеуінің бай мәдени мұрасымен шетелдік қоғамдастықты таныстыру.

Соңғы жаңалықтар