Алтай дамбысы жарылғалы тұрғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Түс ауа Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында Алтай су бөгетінің дамбысы жарылғалы тұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аталмыш хабарламаның негізсіз екенін мәлімдеді, деп хбаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Wats App»  мессенджері арқылы тараған аудио хабарламада Глубокое ауданының Предгорное ауылы тұрғындарына Алтай дамбысының су қысымынан бір сағат ішінде жарылатыны туралы айтылған. Жазбада әйел адам тұрғындарды құжаттары мен ең қажет деген заттарын жинап, үйлерін тастап шығуға шақырған.

Ізінше төтенше жағдайлар департаменті мен «Шығыс су» мекемесінің мамандары аталмыш бөгет орналасқан Алтай кентіне барып, жағдайды тексерген болатын.

«Жағдай тұрақты. Су бөгеттің ернеуіне жетпеген. Әлі де орын бар. Оның үстіне бөгеттің суағары ақаусыз жұмыс істеп тұр», - дейді төтенше жағдай департентінің баспасөз қызметі.

Аталмыш хабарламаның мән-жайын құқық қорғау орындары анықтайтын болады. Төтенше жағдайлар департаменті осыған ұқсас жалған хабарламаларды қасақана мессенджерлер арқылы тарату заңмен қудаланатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар