Алматының ірі бизнес орталығы тоналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан ірі бизнес-орталықтарының бірі тоналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әзірге қандай ұйымды тонап кеткенін нақты айтпай отыр.

«Тонау әрекеті бойынша Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Осы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық күштер осы қылмысты ашуға жұмылдырылған»,-деді Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар