Алматының Бостандық ауданына жыл басынан бері 30 млрд теңге инвестиция тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында «Almaty Sales Festival» Жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы өтеді. Бұл шара ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізуге орайластырылған, сондай-ақ, ол қазақстандық және шетелдік туристерге арналған тур-топтамаға енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасай отырып.

Тур-топтамаға Алматының сауда ойын-сауық орталығындағы сатылыммен қатар, қаланың мәдени-спорттық іс-шараларына қатысу жоспарланған. Бұл туралы аудан әкімі Бекқали Торғаевтың және Бостандық ауданы бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен  II-ші инвестициялық форумының барысында белгілі болды.

«Жалпы алғанда, аудан инвестицияларды тарту жөнінде оң көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Жылдың басынан бері ауданда шамамен 30 млрд. теңге инвестиция игерілді, оның 14%-ы шетелдік инвестициялар», - деді аудан әкімі.

Бұдан басқа, инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Бостандық ауданында үш көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудандағы Ерменсай-2/2 шағынауданында мамандандырылған жеке мектеп құрылысын салу және жалпы алаңы 54,4 гектарды құрайтын «Атакент» Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағын қайта құру жұмысы басталады.

Сондай-ақ, дат сәулетшісі Ян Гейлдың тұжырымдамасының шеңберінде аудандағы «Южный» саябағы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы (веложолдар, суармалы су құбырлары, жарық беру желілері), Байсейітова көшесіндегі «Жас Қанат» шағын бағы көркейтіледі.

Соңғы жаңалықтар