Алматының әкімі Универсиададан түсетін табысты жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Бүкіләлемдік студенттер Универсиадасынан түсетін кейбір табыс көздерін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары барысында 30 мың жұмыс орны ашылған болатын. Соның арқасында бюджетке 9,7 млрд. теңге көлемінде салықтар түсті. Бүгінде Универсиадаға дайындық жұмыстарына 220-дан астам компанияның 5 000 қызметкері атсалысып келеді. Олардың 80 пайызы - жергілікті тұрғындар.

«Біздің есебімізге сәйкес, Алматыға келетін әрбір шетелдік турист күніне 245 доллар жұмсайды. Осылайша, шетелден келетін 5 мың адам бес күннің ішінде қаланың шағын және орта бизнесіне 2 млрд. теңгеден астам пайда әкеледі. Қатысушы командалар  спорт қалашықта тек тұрғаны үшін 1 млн. еуро төлеп береді. Бұдан бөлек, қаладағы 8 отель адамға лық толады. Ол жерге Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері орналасады», - деп атап көрсетті Байбек.

Айта кетейік, Алматы қаласында өтетін Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстанның намысын 168 спортшы қорғайды. 

Соңғы жаңалықтар