Алматының 2018 жылғы бюджетінде экология мәселесі басты назарға алынған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XXV-ші сессиясы барысында қаланың 2018 жылғы  бюджеті бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың 2018 жылғы бюджеті 431,2 млрд теңге көлемінде бекітілген.

«2018 жылы әлеуметтік-экономикалық тиімділік әкелетін экономикалық шешімдер барынша назарға алынды. Бюджетке «нөлден» сараптама жасалған соң, қаланың басты қаржы құжаты әкімшілік бағыт бойынша емес, «Алматы-2020» даму бағдарламасының басты қағидалары мен қалалықтардың әлеуметтік қажеттіліктері негізінде құрылды. Келер жылы «нөмірі бірінші бағыт» ретінде көгалдандыруға, абаттандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше мән беріледі, яғни қаланы дамытуға бюджеттің үштен бірі жұмсалады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Қала әкімдігі Алматының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отырғанын нақтылады.

«Мысалы, қаланың экономикалық даму қарқынының өсуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 4%-ды, ал 11 ай ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 15,7%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар