Алматылықтарға Иранның сатылмайтын құнды жәдігерлері көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Иран қолөнершілерінің бұйымдары көрсетілген «Шахнаме» көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік орталық музейінде Иран Ислам республикасының Мәдени өкілдігі Наурыз мейрамына арналған «Шахнаме» қолөнер бұйымдарыны мен көркем туындылар көрмесін ашты.

Көрме екі елге де ортақ әз-Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылып отыр.
null 

Орталық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонның айтуынша, Иран мәдениетіне қатысты көрме осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отыр.
null null 

«ҚР Мемлекеттік орталық музейі Иран Ислам республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдігімен белсенді түрде қарым-қатынас орнатып келеді.  Омар Хаям, Сағди, Хафиз сынды шайырлардың жырлары парсы тілінде. Бүгінгі көрмеде Фирдаусидің «Шахнаме» дастанының желісі бойынша көркем безендірілген суреттер қойылған», - деді Ғалия Теміртон.
null null null 

Иран мәдени өкілдігінің жетекшісі Сейід Жавад Жәлелидің айтуынша, бүгінгі көрмеде 50-ден астам құнды жәдігерлер ұсынылған.

«Көрмеге «Шахнама» дастанынан алынған үзінділер қойылды.  Шахнаме дастанында батырлық қасиет жырланғандықтан қазақ әдебиетінің лиро-эпостық жырларына да әсер еткен. Оны бірінші Тұрмағамбет Ізтілеуов қазақша жырлап шыққан. Жәдігерлер өте құнды болғандықтан сатылмайды. Оның құны өте жоғары. Бұл жерде Иранның барлық өңірінен шыққан қолөнершілердің туындылары топтастырылған. Жәдігерлер ағаштан, темірден, мыстан ойылып жасалған. Былтыр Талдықорған қаласында өткіздік, келесі жылы Шымкентте өткізу жоспарда бар», - деді ол. 
null null null 

Көрмеде Иранның «хатам», «миникари» сынды дәстүрлі өнер үлгілері бойынша әзірленген бұйымдарды тамашалауға болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар