Алматылықтар Қазақ ұлттық киімдерінің мерекесін атап өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылықтар Қазақ ұлттық киімдерінің мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Арбаты алуан түрлі түстерге көмкерілді. Ол сәуірдің соңғы демалыс күндері қазақтың салт-дәстүріне қаныққан орталық көшеге айналды. Мұнда «Алматы қолөнер палатасы» қоғамдық қоры өкілдерінің жәрмеңкесі орналасқан. Ал көшенің қақ ортасында киіз үйлер бой көтерген. Шараның ең әсерлі бөлігі - Ұлттық киімдер мерекесі.


Әртістер жұртшылыққа қазақтың әдет-ғұрпын көрсетуде, ал қолөнершілер киізден жасалған бұйымдарды, музыкалық аспаптарды, кестелер мен ойыншықтар ұсынуда.

«Қазақтың ұлттық киімі, дәстүрі бүгінде әлемге әйгілі брендке айналуда. Көшпенді ата-бабамыздың киімі әлемдік сән үлгісіне айтарлықтай ықпал еткеніне қарамастан, өкінішке қарай, біз өз киімдеріміз туралы ештеңе білмейміз. Негізінен, шапандардың өзінде оюлардың түрлі кескіні болған. Бірақ біз солардың біріне ғана - 30-ыншы жылдардан кейін жоғарыдан түскен бұйрық бойынша таралған ірі алтын түстес оюға үйренгенбіз. Қазір архивтер мен музейлердің көмегімен ұлттық киім-кешектің жаңа деректерін ашу үстіндеміз», - дейді тарихшы, жазушы, Ұлы Дала мұрасын насихаттаушы Арман Нұрмұхамбетов.


«Қазақ ұлттық киімдерінің мерекесі алғашқы жылдан-ақ халықаралық сипатқа ие болды. Бұл күні отандастарымызды дәстүрлі қазақ киімін киіп жүруге шақырамыз. Бельгия, АҚШ, Қытайдағы отандастарымыз ұлттық киімді мақтанышпен киіп жүрді. Осы күні Оралда «Қазақтелекомның» қызметкерлері, басшылықты қоса алғанда түгел ұлттық киімде жұмыс істеді», - деп атап өтті ол. 

Не дегенмен, бастама авторлары өткенмен өмір сүруге шақырмайды.

«Білесіздер ме, уақыт бір орнында тұрмайды және ұлттық орнаменттерді күнделікті киімнің дизайнына енгізу болады», - дейді Арман Нұрмұхамбетов. 






Соңғы жаңалықтар