Алматылық дәрігерлер тоқ соққан жұмысшының жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жер қазу жұмыстары барысында тоқ соққан 1994 жылы туған ер адамның жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлйды.

«Алматыда құрылыс кезінде тоқ соққан ер адам №4 қалалық клиникалық ауруханада емделуде. Оған «ІІ дәрежелі электржарақаты» диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Оған қажетті барлық кешенді ем-шаралар жасалуда. Атап айтқанда, май жағу, инфузия және бактерияға қарсы терапия жүргізіліп жатыр. Жалпы, динамика бойынша науқастың жағдайы оңала түскені байқалады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 қазан күні Алматыда жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан жұмысшыны тоқ соққан болатын.

Оқиға куәгері Индира Хаметчина жер қазу жұмыстары барысында жарылыс болғанын айтқан. Жарылыстан сол жердегі жұмысшылардың бірін күйік шалған. Ал жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі жарылыс болғанын жоққа шығарған болатын . 

Соңғы жаңалықтар