«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға 29 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға электр қуатын заңсыз өшіргені үшін 29,3 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен.

«Алматы қаласының департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне жүргізген аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 7-тармағына сәйкес нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жағдайында бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады», - деп жазылған хабарламада.

Аталған фактіге байланысты әкімшілік іс қозғалып, 29 304 424 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өтелді.

Соңғы жаңалықтар