Алматыдан 392 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 07.55-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік мекеме ақпаратына сәйкес, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 392 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.5. MPV магнитудасы - 3.7. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ. 

Соңғы жаңалықтар