Алматыдан 378 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылы 14 ақпанда 23 сағат 14 минут 11 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.1. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 15 шақырым.

Соңғы жаңалықтар