Алматыдан 295 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станса желісі 19 қаңтар күні 00 сағат 04 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай мемлекеттерінің шекарасында орналасты.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.1. Магнитудасы MPV 5.0. Тереңдігі 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», -  делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына орналастырылған хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар