Алматыдағы үлкен айналма жолдың нақты бағасы қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Алматыдағы үлкен айналма жолының құрылысына жұмсалатын қаржы көлемінің өзгергенін мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, қазіргі кезде министрлік аталған құрылыспен айналысатын инвестормен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Бәрі ойдағыдай болса, 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Егер біз келісетін болсақ, онда жылың аяғында келісімшартқа қол қойылады. Алғашқы жобаның құны 44 млрд болған. Алайда ол үш жыл бұрын жасалған еді. Қазіргі кезде біз оны жаңарттық. Сөйтіп, құрылыстың жалпы соммасы 150 млрд теңгеге шығып отыр. Конкурс бойынша бір күрделі жөндеу және екі орташа жөндеу қарастырылған», - деді Пішембаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, жобаның құны өзгеруі әбден мүмкін.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылы ақпан айында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы үлкен айналма жолының құрылысына шамамен 350 миллиард теңге кетеді деп мәлімдеген.

«Аталған жолдың арқасында Алматы қаласын Батыс Қытай мен Еуропа арасындағы логистикалық xаб ретінде дамытуға болады. Осы жобаға шамамен 350 млрд теңге кетеді. Сол жерде мыңдаған жұмыс орындарын құрып, алмытылық компанияларды кеңінен тартуға болады», - деді Байбек xалық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Соңғы жаңалықтар