Алматыдағы өрт екі пәтерді шарпыған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы өрт 2 пәтерді шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 08:57-де түскен. Медеу ауданы, Самал 1 шағын ауданындағы 23 үйдің 6 қабатында балкон өртке оранған. Өрт сөндірушілер келгенде қызыл жалын 7-қабаттағы балконды шарпи бастаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды басқа да балкондарға көшпей тұрғанда ауыздықтап үлгерді. Сондай-ақ, мамандарға өрт өндірумен қатар 60 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге көшіруге тура келді», - деді қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрттің салдарынан №30, 37 пәтерлер зақым келген.

Айта кету керек, бүгін таңертең Самал-1 шағын ауданындағы 23-үйдің өртке оранғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар