Алматыдағы амур жолбарыстарын Қытай сафари паркі сұрап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағындағы Амур жолбарыстарын Қытай сафари паркі сұрап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зообақ директоры Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында амур жолбарыстарының болашақтағы тағдыры туралы оқырмандарынан кеңес сұраған.

Оның айтуынша, ұялас жолбарыстарды Қытай зообағы сұратқан.

«Демалыс күндері Буш (амур жолбарысы) ауырып жатыр деген хабар естідік. Бүгін дәрігерлермен бірігіп тексеріп шықтық. Жолбарыстардың денсаулығында кінәрат жоқ. Олардың жалғыз туа бітті ақауы бар. Алдыңғы аяқтары дұрыс қалыптаспаған. Сол себепті, жолбарыстар Амур жолбарыстарын көбейту бағдарламасынан шығып қалған. Бұл ұяластарды Қытайдың үлкен Сафари паркі сұрап жатыр. Барлық нұсқаулықтарды аяқтаған соң жолбарыстарды Қытайға жібереміз. Сіз қалай ойлайсыз?», - деді зообақ басшысы.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрліше пікір білдіріп жатыр, Атап айтқанда, жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлардың жағдайы Қытайда жақсырақ болса, жіберуге кеңес беріп жатыр. Кейбіреулер жолбарыстарды пандаға айырбастауды ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар