Алматыда жүк көлігі Тойотаны соғып, 1 адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дөңгелегін ауыстыруға шыққан жүргізушіні жүк машинасы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты «Ялян» базарына қарама-қарсы жерде болған.

Тойота Камри көлігі солтүстік айналма жолымен солтүстікке қарай бағыт алып келе жатқан.

Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, Тойота жолда дөңгелегі жарылып тоқтаған. Жүргізуші көліктен түсіп жарылған дөңгелекті ауыстыруға ыңғайлана бергенде, артынан келе жатқан бетон араластырғыш көлік Тойота Камриді соғады.

Соққыдан көліктің артқы жағы жапырылып қалған.

Ал жүргізуші алған жарақатынан сол жерде мерт болды.

Ауыр жүк көлігі жүргізушісінің неге алдындағы кедергіні байқамағанын жол полициясы анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар