Алматыда жүк көлігі өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі өртеніп жатыр. Оқыс оқиға Түрксіб ауданындағы «Март» сауда үйінің алдында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова өрт туралы хабарлама түскенін растады.

Қазір ТЖД мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өрт туралы хабарлама түскі 13:43-те түскен. «Март» сауда үйінің қасында "Мерседес бенс 15/20" жүк көлігі отқа оранған. 7 минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп үлгерді. Олардың анықтауынша, өрт жүк көлігіндегі тауардың тұтануынан басталған. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Мамандар тілсіз жауды 13:59-да ауыздап үлгерді.

Алматы 1, возле марта горит машина, актуально на 14:14

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июн 23 2017 в 1:15 PDT

Соңғы жаңалықтар