Алматыда жол жөндеу кезінде өткен ғасырдың 30-34 жылдарына жататынын көне тастар табылды

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда құрылысшылар көшені қайта жөндеу жұмыстары барысында, асфальттың бірнеше қабатын көтеріп, көне қаланың кеспе тас фрагменттерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы əкімі Бауыржан Байбек сәулетшілер мен мердігерлік ұйымдарға сақталып қалған тастарды іріктеп алып, Панфилов көшесі бойындағы жаяу жүргін жолын салған кезде пайдалануды тапсырды.

«Осының барлығы біздің қаламыздың тарихы, біз оларды сақтауға және көбейтуге тиіспіз» - деді Бауыржан Байбек.

Енді архитекторлар мен жобалаушылар кездейсоқ табылған көне тастарды пайдалану үшін Панфилов көшесін қайта жасау жобасына өзгеріс енгізудің жолдарын қарастыруда.

Сәулет тарихшысы Алмас Ордабаев табылған көне тас өткен ғасырдың 30-34 жылдарына жататынын атты.

«Кеспе тас бұрынғы үкімет алаңының жұрнағы. Қазіргі кезде Жүргенев атындағы өнер академиясы орналасқан жер Алматыдағы алғашқы үкімет үйінің аумағы болатын. Бұл кеңістік ғимарат айналасын ғана емес, бұрынғы Киров, қазіргі Бөгенбай батыр көшесін де қамтиды. Кейін кеспе тастар Киров көшесінен Фурманов көшесіне дейін төселді. Соғыстың алдында немесе соғыстан кейін бе, кеспе тастардың бір бөлігі Түрксіб ғимараты мен Жилкомбинаттың қарсысындағы Киров көшесінде қалып қойды. Яғни, Панфилов көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі аумақта. Табылған кеспе тас Киров көшесіне төселген тастың қалдығы болса керек. Бұл - ерекше қызық архитектуралық ескерткіш. Егер кеспе тасты бұрынғы деңгейінде қалдыру мүмкін болмаса, оны астынан көтеру қажет», - деді сәулетші.

Соңғы жаңалықтар