Алматыда жол апатынан үш бүлдіршін жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаты болып, кішкентай үш бала зардап шекті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Автобус пен Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі Сүйінбай мен Шолохов көшелерінің қиылысында соғысып қалған. Екеуі де бір бағытқа қарай кетіп бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Pajero руліндегі әйел Шолохов көшесінен бұрылмақ болып, шұғыл оң жақ жолаққа қарай шығады. Осы жерде ол автобусқа жанаса соғылған. Қатты соққыдан Mitsubishi Pajero жол шетіндегі жиектастан асып барып көше шамының бағанасына соғылды. Салонда жасқа толмаған, сонымен қатар 5 және 6 жастағы үш баланың болған. Олардың барлығы жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның себеп-салдарын жол полициясы анықтау үстінде.

nullnull

Соңғы жаңалықтар