Алматыда жол апатынан көліктер арыққа түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан көліктер арыққа түсіп кетіп, бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол көлік оқиғасы Әл-Фараби даңғылында Ремизовка ауданына жетпей шығыс бағытта болған.

Opel Vectra жүргізушісінің айтуынша, ол жолдың оң жақ шетінде келе жатқан.

Toyota Camry ортаңғы жолақта жоғары жылдамдықпен келе жатқан.
null 

Әл-Фараби Ходжанов көшелерінің қиылысында Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ары-бері шайқала бастаған.

Сол сәтте Toyota жол ортасындағы бағанға соғылып барып  Opel көлігіне соғылған. Соққыдан екі көлік те арыққа түсіп кетті.

Toyota инерциямен қозғалып барып, ағашқа соғылып, жол үстіне қайта шығып тоқтады.

Жол апатынан Opel жолаушысы зардап шекті. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.
null 

Соңғы жаңалықтар