Алматыда жол апатынан автобус жолаушысы жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан автобус жолаушысы жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Төле би көшесінде болды.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік Төле би көшесімен келе жатқанда алдын Фольксваген көлігі кес-кестей бастаған.

Кенеттен болған бұрылысты күтпеген жүргізуші тежегішті басып үлгермей Фольсвагенді соғады. Соққыдан жеңіл көлік айналып барып полиция тірек пунктінің маңдайшасын қаққан.

Жол апатынан автобус жүргізушісі жапа шекті.

Оны жедел жəрдем көлігі алып кетті.

Соңғы жаңалықтар