Алматыда жаңадан салынған тұрғын үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің бірінде пəтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Құрманғазы көшесінің бойындағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы пəтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 16:16-де түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 6 минутта жеткен.132 пəтерден қою түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресе отырып адамдарды құтқарды»,- деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт болған үйден 54 адам оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Мамандардың айтуынша, қызыл жалын лоджияның 6 шаршы метр аумағын шарпыған.

Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар