Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 326.88
EUR 364.90
RUB 5.47
CNY 47.85

Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды

Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды
2014 жылғы 3 желтоқсан 09:42 591

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы технологиялық университетінде жаңа студенттік жатақхана ашылды.

540 орынға арналған бұл бесінші жатақхана Мемлекет басшысы бастамашы болған «Студенттік жатақхана» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды.

Әр бөлме үш адамға арналған. Мұнда тұрмысқа қажеттінің барлығы бар.

ЖОО-ның бірінші проректоры Бауыржан Нұрахметовтың ақпаратынша, мұнда заманауи телекоммуникациялық желі, атап өткенде, Wi-Fi желісі өткізілген, демалыс бөлмелеріне компьютерлер қойылған. Жатақхана тұрғындарына қалалық студенттік емхана мамандары медициналық қызмет көрсетеді.

Ғимарат ЖОО-ның 900 миллион теңге қаражатына салынды.

Алматы технологиялық университетінде қаладан тыс жерлерден келген бес мыңнан астам студент білім алуда, соның ішінде үш мыңнан астамы баспанаға мұқтаж, сондықтан ЖОО-ның тағы бір жатақхананы салу жоспары бар, деп хабарлайды vecher.kz.

Басты сөздер: Алматы, ЖОО-лар, Білім,

Пiкiрлер

  • 03.12.2014Дидар
    0
    Жатақхана студентке керек ол ештенкеге ұрынбай уайымдамай сабағын оқып білімін алып керектінің бәрі жатақхананың ішінде болса ешқайда барып керегі жоқ,қазыргі студенттер ең бақытты адамдар барлық жағдайлары істелініп отыр.

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер