Алматыда зағип жандарға арналған халықаралық веломарафон басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көзі нашар көретін жандар үшін ұйымдастырылған халықаралық веломарафон басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда «Қозғалыс қуаты» деп аталатын көзі нашар көретін жандар үшін ұйымдастырылған веломарафон басталды. Қазақстан мен Қырғызстан арасында өтіп жатқан веломарафон биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Веломарафон Алматыдан басталып, Ыстықкөлде аяқталады. 6 күн сапарда болатын велосипедшілер 500 шақырым жолды бағындыруы қажет.

Аталған веломарафонға 7 жеке тұлға, 4 екі адамдық велосипедшілер тобы аттанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалғыз өзі қатысып отырған 7 велосипедшінің көзі нашар көреді, ал қосарланған велосипедшілер тобындағылар көз жанарынан мүлде айырылған, зағип жандар. Олардың барлығында жол бастаушы пилоттар бар.

«Шекарасыз спорт» жобасы мүгедек жандарға арналған. Идея бұрыннан ойымда жүрген еді. Өйткені, менің өзім көзім нашар көрсе де бейнематериалдар түсіріп, байқаулардан жүлде алып жүрмін. Былтыр біз Алматы - Астана арасында бірінші веломарафон өткіздік. Биыл міне, бірінші рет, екі ел арасында ұйымдастырдық. Келесі жылы бұдан да ауқымдырақ жасау ойымызда бар»,-  деді «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбеков.

Айта кетейік, былтыр Алматы-Астана веломарафонына 11 адам қатысқан. Биыл ол жобаға қатысушылар саны 18-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар