Алматыда Универсиада қарсаңындағы тексеру кезінде 16 ұры ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Универсиада -2017 қарсаңында жүргізілген тексеру шаралары барысында 16 ұры ұсталды, деп хабарлайды Алматы бойынша терроризммен күрес штабының баспасөз қызметінен.

Аталған штабтың мәліметіне сүйенсек, олардың 8-і пәтер тонаумен, 3-еуі қалтаға түсу, төртеуі қоғамдық орындарда ұрлық жасаумен, біреуі көлік «барымтасымен» айналысқан.

Жедел алдын алу шаралары барысында ұрылардың Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан екенін анықталды.

«Бұған дейін хабарланғандай, 6-25 қаңтар аралығында Алматы қаласында ауқымды жедел алдын алу шаралары жүреді. Бүгінгі күнгі құзырлы орган қызметкерлері  1 мыңға жуық қоғамдық орындарда, 10 тіркеудегі адамдарды тексерді. Сонымен қатар, 12 685 аңшылық қару иелері тексеріліп, 512-нің қару сақтау талабы бұзылғанын анықталды. Қазіргі уақытта 442 қару алынып, әкімшілік жауапкершілікке 512 қару иесі тартылды. Осы алдын алу шарасы аясында 50 адамға іздеу жарияланды. Оның 33-і қылмыстық іс қозғалған адам болса, 17-сі із-түзсіз жоғалған. Сонымен қатар, 1 548 шетел азаматының көші-қон заңын бұзғаны анықталып, 680-і сот шешімімен ІІД қабылдау-бөлу уақытша орнына жеткізілді. 172 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды», - деп хабарлады аталған Штабтан.

Еске сала кетейік, Универсиада қарсаңында Алматыда ауқымды жедел алдын алу шарасы өтуде. 

Соңғы жаңалықтар