Алматыда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурыз мерекесін тойлауға арналған шаралар аясында спорттық сайыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы Наурыз мерекесі «Астана» алаңы мен Атлеттер ауылында тойланып жатыр. Кеше, 22 наурыз күні өткен ұлттық ойындар бойынша сайыста алматылықтар белсенділік танытты.
null null null null 

 «Астана» алаңында өткен сайыста қошқар көтеруден Қуандық Сұлтанов есімді алматылық үздік деп танылды. Ол «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сайыста 45 келі қошқарды 150 рет көтерді.

 - Кішкентай кезімде күш қолданылатын спорт түрлерімен айналысып, жарыстарға қатысқанмын. Қазір, өкінішке орай, жаттығуға уақыт жоқ, үш жыл болды жаттықпағаныма. Бірақ, осындай сыйды ұтқаным үшін қуаныштымын. Барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - дейді жеңімпаз Қуандық Сұлтанов.

 «Астана» алаңында мұнымен қатар, қазақ күресі, бағанаға шығу, қошқар көтеру, қол күресі, асық ату және тоғыз құмалақтан жарыстар өтті.
null null null null null null 

 Ал, «Атлеттер» ауылында да қазақ күресі, асық ату,қол күресі, гір көтеру және қошқар көтеруден жарыс өтті. Мұнда Евгений Киширский есімді алматылық тұрғын қошқарды 240 рет көтерді.

 Қазақ күресінен де үздік балуандар анықталып, оларға диплом мен медальдар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар