Алматыда Түркия және Қазақстан кәсіпкерлерінің 200-ге жуық кездесуі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы (MUSIAD), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "ҚазИнвест" компаниясы өкілдерінің арасында сауда келісімшарттарына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда, жалпы көлемі 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын түрік капиталының Қазақстан нарығына келуімен 32 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың басым бөлігі құрылыс, жеңіл және көлік өнеркәсібі салаларын қамтыған. Бүгінгі меморандумға қол қою аясында екі ел арасында осыған дейін байланыс болмаған өзге де бизнес секторлары жұмылдырылады», - дейді МЮСИАД-тың Конья қаласындағы бөлімшесінің төрағасы Өмер Фарук Окка.

nullТүрік кәсіпкерлері делегациясының төрағасы Өмер Фарук Окканың айтуынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы бизнестің нығаюы екі елдің саяси және экономикалық серіктестігін де нығайтады.

null«Шетелден инвестиция тарту - Қазақстан үшін өте маңызды. Осыған орай, үкімет тарапынан Қазақстандағы шетел кәсіпкерлеріне де субсидия қарастырылған. Ал бүгінгі ортақ кездесуден кейін инвестиция көлемінің артатынына сенеміз», - деді «ҚазИнвест» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық директоры Арсен Насырханов.


nullҚазИнвест өкілінің айтуынша, өткен жылы Түркияның 12 ірі инвесторы Қазақстанға 660 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы салып, еліміздегі 15 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына септігін тигізді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Ыстанбұл қаласына сапарындағы түрік кәсіпкерлерімен кездесуінің табысты нәтижесі.

nullБүгінгі шара аясында B2B форматында екі ел арасындағы сауда қатынасын нығайтуға бағытталған 200-ге жуық кәсіпкерлік кездесу ұйымдастырылды.

nullАйта кетсек, Түркиядан келетін сауда делегацияларының секторлық қызметтері құрылыс, машина жасау, металл, автомобиль, қосалқы бөлшектер, зергерлік бұйымдар жасау, электроника, есептеу техникасы, жиһаз, тұрмыстық техника және ауаны баптау салаларын қамтымақ.

nullЖолдас Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар