Алматыда төрт балабақша мен бір жеке мектеп салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала құрылысы кеңесінің отырысында жаңадан мамандандырылған жеке мектеп пен бірқатар жаңа нысандар салынуына рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«528 орындық физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған жеке мектеп Бостандық ауданы «Ерменсай» шағынауданында салынады. Мектепте аз қамтылған отбасы балаларына арнап 20 грант бөлу қарастырылған», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, аталған кеңесте Алмалы, Медеу, Бостандық аудандарында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берілді. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері жанынан компаниялардың жеке қаражаттарына төрт балабақша салынады. Екі балабақша құрылысы аяқталысымен коммуналдық меншікке өткізілмек. Құрылыс жұмыстары кезінде 2000-нан аса жұмыс орны ашылады. Оның 100-і тұрақты жұмыс орны болмақ. 

Соңғы жаңалықтар