Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда әлемнің ең танымал әнішлерінің басын қосатын «Star of Asia» фестивалі үшін Медеуде алғаш рет радиальды формадағы сахна жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сахнаның техникалық ерекшелігі ретінде оның күрделілігін айтса болады. Сол үшін сахна құруға Германия, Ресей және Украинадан мамандар келмек. Сонымен қатар, «Star of Asia» фестивалінде жарық шұғылалары мен тамаша «fare» шоу ұсынылады.

Айта кетейік, Алматыда 19 - 20 тамыз аралығында ерекше форматтағы «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында өткелі отыр.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы он жыл ішінде оқиғалы туризм жедел дамып келеді. «Star of Asia» шарасы туристер легін арттыруға ықпал етеді.

Қала басшылығы «Star of Asia» Алматыдағы туристік саланы өрістетудің негізгі элементтерінің бірі деп есептейді. Форматы жағынан мүлдем өзгеше «Star of Asia» континентальді фестивалі «Азия даусының» жалғасы іспетті. Әкімдік фестивальді Аматыға келетін жұлдыздар саны және сапасына қарай «Сан Ремо»,«Славянский базар», «Новая волна» сияқты құрлықтық байқауға айналуы мүмкін екенін айттады.

«Фестивальға хип-хоптан RnB-ға дейін, сондай-ақ, инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттағы әндердің заманауи үздік орындаушылар келеді. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», - дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, бұғандейін хабарланғандай фестивальға Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы және «Asia Song Festival», «Chineese TOP Awards», «Best Male Music Video», «Korean Culture Entertainment Awards», «Korean Video», «Daejun Awards» музыкалық сыйлықтарының лауреаты келеді.

Соңғы жаңалықтар