Алматыда шығыс жекпе-жек түрлерінен фестиваль өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шығыс жекпе-жек түрлерінен фестиваль мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жарысқа 5-17 жас аралығындағы спортшылардан тұратын әуесқой және жартылайкәсіпқой командалар қатысты. Олар каратэ, самбо, аралас жекпе-жек түрлері бойынша 102 медаль жиынтығын сарапқа салды. Фестивальға қалалық 16 клубтан барлығы 500-ге жуық жекпе-жекші қатысты.

Ұйымдастырушылардың ережесіне сәйкес, барлық жарыстар салмақ дәрежелері және жас ерекшеліктері (5 жас, 6-7 жас, 8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас, 14-17 жас) бойынша жеке біріншілік үлгісінде өтті.

Бәсеке мегаполисте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттық Алматы» ауқымды бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.







Соңғы жаңалықтар