Алматыда шұңқырға түсіп кеткен жүргізушінің шығынын коммуналдық қызмет өтейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шұңқырға түсіп кетіп көлігін зақымдаған жүргізушіге коммуналдық қызмет өкілдері шығынын өтейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл істі Бостандық аудандық соты қараған.

Жауапты ретінде қалалық Энергетика басқармасының  «Алматы Су» мемлекеттік кәсіпорны, «Жол-құрылыс басқармасы №13» ЖШС тартылды. 

Айта кету керек, өткен жылы 17 ақпанда Қазыбек би мен Шағабутдинов көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, шұңқырға «Тойота камри» көлігі түсіп кеткен болатын.

Сот шешімімен жауапқа тартылғандар айыпты деп танылып, материалдық шығынды ішінара өтеу туралы үкім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар