Алматыда «Өз жолыңды таңда» атты түлектер жәрмеңкесіне 50-ден астам кәсіпорын қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы технологиялық университетінде дәстүрлі «Өз жолыңды таңда» атты түлектер жәрмеңкесі өтті. Оған тамақ және жеңіл өнеркәсібі, мейрамхана-қонақ үй бизнесі, туризм салалары, қаржы секторы және ғылыми институттар тарапынан 50-ден астам жұмыс беруші мекемелер қатысты. Сонымен қатар, олардың ішінде бірқатар мемлекеттік органдар да бар.

«Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - түлектер мен жұмыс берушілерді кездестіру. Жұмыс беруші дәл осындай осындай жиындарда жас маманға жұмыс орнын бермес бұрын, оның шама-шарқын жан-жақты бағалай алады. Өз кезегінде, түлектер, дәл қазір қажет деп танылатын қандайда бір мамандық туралы ұсыныстарды және жұмыс берушілерден дайын бос жұмыс орындары туралы толыққанды ақпарат алады. Жалпы, түлектер жәрмеңкесі бұл тек түлектер мен жұмыс берушілердің кездесуі ғана емес, жоғары оқу орны ұжымының, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің өзара пікір алмасу алаңы болып табылады», - деді өз сөзінде Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Нұрахметов.

Айта кетелік, биыл университетте 22 мамандық бойынша барлығы 1418 студент диплом алады. Олардың 20 пайызы жоғары оқу орнын үздік бітіреді.

Бүгінгі жәрмеңкеге биылғы түлектердің басым бөлігі қатысып, бос қызмет орындары бойынша қажетті ақпараттарға қол жеткізді. Ал әрбір жұмыс беруші оларға кем дегенде 4-5 жұмыс орнын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар