Алматыда өткен дзюдодан ашық кубокта 200 жас балуан шеберлік сынасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2004-2006, 2007-2008 жылғы дзюдошылар арасында ашық кубок өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірнеше аймағынан келген 200 бала боз кілемге белдесуге шықты. Нақтырақ айтқанда, Алматыға Орал, Атырау, Теміртау, Тараз, Талдықорған қалаларынан жас спортшылар келді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басында бұл біріншілікті Алматы және жақын маңдағы өңір спортшылары арасында ғана өткізу жоспарланған. Алайда, ашық біріншілік жария болғаннан кейін Атырау, Орал, Қарағанды, Тараз қалаларынан өтінімдер келе бастаған.
null

«Балалар шын ниеттерімен күресті. Беріліп кеткендері сондай, ересектер арасындағы белдесуде жетіспей жататын ынта, ықыласты байқадық. Осындай турнирлер арқылы жас спортшыларды електен өткізуге болады. Максим Раков, Елдос Сметов, Асхат Жіткеев сынды спортшыларымыз да осындай белдесулерден бастаған. Сондықтан, жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ету керек», - деді ұйымдастырушылардың бірі Дзюдодан ҚР спорт шебері Әсет Оралбеков.

Жас палуандардың белдесуін тамашалауға Азия ойындарының қола жүлдегері Елдос Жұмаханов сынды майталман спорт шеберлері де келді.  

Соңғы жаңалықтар