Алматыда өрт сөндіруге бара жатқан көлік апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында 1 қабатты үй өртеніп, жалын көрші үйді шарпыды. Өртті сөндіруге бара жатқан өрт сөндіруші көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова, 20 тамыз күні сағат 23-32-лер шамасында «101» нөміріне Медеу ауданының Мақатаев көшесіндегі ешкім тұрмайтын 53 үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскендігін айтты.

Оқиға орнына сағат 23-41-лер шамасында өрт сөндірушілер жеткен.

«Өрт сөндірушілер келгенде онда 1 қабатты үй өртеніп жатқан және жалын ешкім тұрмайтын 4 қабатты үйдің шатырын шарпыған. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 23-53-те сөндірілді. Өртенген аумақтың көлемі нақтылануда»,-деді Сандуғаш Баймұхамбетова.



Осы кезде өрт сөндіруге кетіп бара жатқан көліктердің бірі Қонаев пен Гоголь көшесінің қиылысында жол апатына ұшырады. Өрт сөндіруші көлік Қонаев көшесімен солтүстікке қарай бағыт алған. Көлік жол қиылысынан өтер кезде оны БМВ көлігі келіп қаққан.

Жеңіл көлік бағдаршамның жасыл белгісіне Гоголь көшесінен шығысқа қарай бұрылып, жатқан, алайда ол арнайы белгісі бар көлікке жол бермей жол ережесін бұзды. Осы оқиғаның салдарынан өрт сөндіруші көлік аударылып қалды. Абырой болғандар ешкім зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар