Алматыда «Оңай!» терминалының қызметінде кідіріс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда кеше, 19 қаңтар күні сағат 16-00-ден кейін қоғамдық көліктерде «Оңай!» жүйесінің терминалдары оффлайн режимінде жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы Көлік холдингінің баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаевқа сілтеме жасап.

Алматы қаласының Көлік холдингі «Оңай!» терминалдарының жұмысының бұзылуы Kcell желісіндегі мәліметтерді жеткізу қызметіндегі қиындықтарға байланысты туындағандығын жеткізді.

«Осы себепке байланысты Алматының қоғамдық көліктеріндегі терминалдардың бір бөлігі 19 қаңтар күні сағат 16-00-ден кейін оффлайн режимінде жұмыс істеді. Карталарында қажетті балланс бар жолушылар еш қиналған жоқ. Ал, карталарын сағат 16-00-ден кейін толықтырған азаматтарды қиындықтар болды»,-делінген хабарламада.

Kcell мамандары 4 сағат бойына туындаған мәселенің мән-жайын анықтаумен айналысты. Сағат 20-00-де терминалдар әдеттегі режимді жұмыс істеді.

«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС «Оңай!» картасымен көліктік төлем жасау қызметінің операторы.

Соңғы жаңалықтар