Алматыда мектеп аумағынан соғыс жылдарындағы концлагерь анықталды - Мұхаммед Жылгелдинов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Германия Федеративті Республикасы тарапынан ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқында болған әскерилерге өтемақы төлеуге құжат қабылдау қыркүйек айында аяқталды. Бұған дейін «ҚазАқпарат» ГФР тарапынан 17 қазақстандық әскери тұтқын 2500 еуро көлемінде өтемақы алады деп хабарлаған болатын.

Бұл ақпаратты жария еткен ҚР Президентінің архиві еуропалықтар да Қазақстандағы тұтқындар тақырыбын зерттеуге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. ҚР Президенті Архивінің бас сарапшысы Мұхаммед Жылгелдиновтің айтуынша, Венгрияның Печ қаласында тұратын этникалық немістер Қазақстанға келіп, әскери тұтқындардың жерленген орнын анықтаған. Орайы келгенде, архив қызметкерімен сұхбаттасудың сәті түсті.  
null
null nullnull null  

- Мұхаммед Тұрсынбекұлы, мажарлардың экспедициясына сіз басшы болған екенсіз, олардың басты жоспары не болды? 

- Мажарстанның оңтүстігіндегі Печ қаласынан келген этникалық немістер қоғамының делегациясы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағы территориясындағы лагерьлерде тұтқында болған мажарлардың тағдырын анықтау мақсатымен Қазақстанға биыл жазда келді. Делегацияны Мажарстан Премьер-министрі кеңсесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары доктор Ференц Петер Силади мырза мен этникалық немістер қоғамының төрайымы Элеонора Маткович-Крец бастап келді. Барлығы 24 адамнан тұратын делегация алғашқы күні Астана қаласы маңында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барып, Астана қаласындағы Мажарстанның Төтенше және өкілетті елшісі доктор Андраш Барани мырзаның қатысуымен коммунистік диктатура кезеңінде АЛЖИР-ге және қазақстандық өзге лагерьлерге жер аударылған Мажарстанның саяси тұтқындарының және мәжбүрлі еңбекте құрбан болғандарға арналған ескерткіштің ашылуына қатысқан болатын. 

- Сіз ГУЛАГ-тың №40 лагері мен қамауда болған Мажарстан азаматтарының жерленген орнын анықтап берген екенсіз? Олар өздері өтінішпен шықты ма? 

- Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Ференц Блауманн ҚР Президенті Архивінің директоры Б. Жапаровтың атына арнайы хат жазып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Алматы қаласының аумағында орналасқан ГУЛАГ-тың №40 лагері мен қамауда болған Мажарстан азаматтарының жерленген орындарын анықтауға және делегация мүшелерін аталған орындармен таныстыруға Архив қызметкерінің көмегін сұрады. Осыдан кейін мен аталған орындарды анықтап, делегация мүшелеріне таныстырдым. КСРО Ішкі істер министрлігінің №40 лагерінің 10 лагерь бөлімшелері сол жылдардағы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Талдықорған облыстарының аумағында орналасқан еді. 1948 жылы КСРО ІІМ №00172 және 00835 бұйрықтарымен лагерь түгелдей таратылды. Көптеген лагерь ғимараттары бұзылды немесе орнына басқа өндіріс орындары мен мекемелер орналастырылды. Осы себепті Алматы қаласында орналасқан лагерьдің №7 лагерь бөлімшесінің орнын анықтау біраз қиындықтар туғызды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде лагерь бөлімшесі қазіргі Алматы қаласының И. Байзақов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан №136 мектеп-гимназиясының аумағында орналасқаны анықталды. Бұл мәліметтер делегация мүшелерінің қолындағы лагерьдің орналасуы туралы координаттарда бар болып шықты.

null 

- Ол жерде тек мажарлар болған ба?

- ҚР Президенті Архивінің қорында анықталған құжаттар негізінде Алматы қаласында жерленген соғыс тұтқындарының орны мен бірнеше жапон, неміс соғыс тұтқындарының және мажар ұлтының азаматы Воги Винценттің қайтыс болған және жерленген уақыты, жерленген жерлері көрсетілген тізім анықталды. Осы құжаттар негізінде олардың Алматы қаласы Орталық бейітінде жерленгені белгілі болды. Аталған құжаттарда тұтқындардың нақты қай орындарда жерленгеніне дейін сызып көрсетілген.

null
null null 

Делегация мүшелері мажар соғыс тұтқыны В. Винценттің қабірінің басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Айта кетсек, Мажарстанның Печ қаласындағы этникалық немістер қоғамы Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқында болған мажар азаматтарының тағдырына қатысты іздестіру жұмыстарымен айналысып жүргеніне 20 жылдан асқан.  

null null 

Қоғам мүшелерінің түгелінің дерлік әке-шешесі немесе ата-әжелері кезінде тұтқын ретінде Кеңес Одағы территориясында лагерьлерде қамауда болған. Қоғамның төрайымы Элеонора Маткович-Крецтің де әке-шешесі алғашында Грозный қаласында қамауда болып, кейіннен Башқұртстан территориясындағы лагерьлерге ауыстырылған.

Алғаш рет мұндай іздестіру сапары 2009 жылы Донбасс аймағына, 2012 жылы Екатеринбург, Челябинск қалаларында, Башқұртстанның Октябрьский қаласында жүргізілген. Башқұртстанның Октябрский қаласында кезінде тұтқындар жұмыс істеген ағаш өңдеу зауыты қазіргі күнге дейін сақталған. Сонымен қатар, Шешенстан, Әзербайжан, Гүржістан, Армения территорияларындағы лагерьлердің орындарына да барған. 2015 жылы Мажарстан үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығына орай 20 қаңтарды Сталиндік ГУЛАГ және ГУПВИ лагерлерінде қамауда болған мажар тұтқындарын еске алу күні етіп белгіледі.

null null null null null null 

-Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет.

***

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар мәселесі қазіргі күнде қазақстандық зерттеушілер тарапынан да аса қызығушылық тудырып отырған мәселе. 2015 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары» ғылыми-іздестіру жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Аталған мәселемен айналысып жүрген қазақстандық жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен Ғылыми кеңес құрылып, мақалалар мен естеліктер, архив құжаттары жинастырыла бастады. Архив қызметкерлері республикалық және шетелдік архивтерде, атап айтсақ РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві, РФ Мемлекеттік архивінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Жоба аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде www.tutkyn.kz веб-сайты іске қосылып, онда 35 мыңнан аса қазақстандық әскери тұтқындар туралы ақпараттар орналастырылған республикалық ақпараттық база жасалды. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Ақпараттық-аналитикалық орталығының Арнайы мемлекеттік архивінің қорынан 5 мыңнан аса әскери тұтқындардың жеке істері анықталып, аталған ақпараттық базаға енгізілді.

Соңғы жаңалықтар