Алматыда Қытайдың Бас консулы салтанатты қабылдау кешін өткізді

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қытай Халық Республикасының құрылғанына 68 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты жиынды ашқан Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй екі ел қарым-қатынасының бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.
null 

«2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында Қытайдың жан басына шаққандағы табысы 6,9 пайызға өсті. Әлемдегі ірі экономикалық топтардың алдыңғы қатарына шықтық. Қазақстан және Қытай  тату, көрші ел. Дипломатиялық қатынас орнаған 25 жылдың ішінде өзара сыйластық, тең құқылы қағидаларды берік ұстанып келеді. Жыл басынан бері екі елдің көшбасшылары «Ұлы Жібек жолы» экономикалық аймағын құру және «Нұрлы жол: жаңа экономикалық» бағдарламасын бір анаға үйлестіру, жүзеге асыру үшін бірнеше рет кездесті. Алматыдағы Қытай Бас консулыдығы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың алдыңғы шебінде», - деді Бас консул Чжан Вэй.
null 

Салтанатты жиынға алматылық зиялы қауым мен шығармашылық өнер ұжымдары қатысты.

Салтанатты қабылдауға келген тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Нәбижан Мұхамедқанұлы екі ел арасында дәнекер болатын мәдени, ақпараттық қатынастардың көбейіп келе жатқанын айтты. 
null 

«ҚХР-дың құрылғанына 68 жыл, Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнағанына 25 жыл толып отыр. 25 жылда екі елдің қарым-қатынасы біртіндеп жоғары деңгейге көтеріліп келе жатыр. 2013 жылы Қытай төрағасы Қазақстанға келген сапарында «Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртуды» ортаға қойған болатын. 2014 жылы Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Нұрлы жол: болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жолдады. Демек, екі елдің Жібек жолы бойындағы жоспарларында өзара сәйкесетін тұстары көп. Сондықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді деп айта аламыз. Нақтырақ айтқанда, инфрақұрылым, индустрия, жаңа технология саласында, сонымен қатар, мәдениет саласындағы ынтымақтастық та жаңа деңгейге шығып келеді. Екі ел арасына дәнекер болатын мәдени қарым қатынаспен қоса, ақпараттық байланыстар да көбейіп келеді», - деді Нәбижан Мұхамедқанұлы. 

Соңғы жаңалықтар