Алматыда қураған алма бақтарының орнына 10 мың түп апорт көшеті отырғызылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының тау бөктерінде қурап жатқан алма бақтарының орнына 10 000 түп апорт алмасының көшеті отырғызылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Көшеттер 70-жылдардың басында өсірілген қураған алма бақтарының орнына отырғызылады. Олар Бағанашыл, Бутаковка ауданы мен Алмаарасан шатқалында орналасқан.

1

«Бағанашылдағы бақта қазір 3200 қураған ағаш бар. Бұл - жабайы бақ, оның фитосанитарлық жағдай өте нашар. Ағаштардың 90%-ы цитопорозға және бактериалдық күйікке шалдыққан. Шара қолданбасақ, бақтан түк қалмайды. Ол жойылу үстінде», - деді агроном Самир Исмаилханов.

2

Мамандар бұл мәселені шешу үшін бақты толықтай жаңарту керек дейді, яғни қураған ағаштарды сүріп тастап, орнына жаңа көшеттер отырғызу қажет.

Бұл мәселеге Қоғамдық кеңес мүшесі, «Alma Qala» қозғалысының ұйымдастырушысы Бекнұр Қисықов пікір білдірді.

3

«Ағаштарды кесу туралы әрбір факт маған ауыр тиеді. Біз туып-өскен жасыл қала көптеген бақтарынан айырылды. Мен ескі ағаштарды сүріп тастау үшін маңызды себеп керек деп есептеймін. Орман-патологиялық сараптама құжаттарын тыңғылықты қарап шықтым. Әрбір ағаш нөмірленген. Бұл іске білек сыбана кіріскендері байқалады. Алғашқы көшеттер отырғызылып жатыр. Адамдардың қызығушылықтарын іс жүзінде байқап отырмын», - деді Бекнұр Қисықов.

4

Ол экологтар мен жұртшылықты бақтардың ахуалын бақылауға және мүмкіндігінше күтім жасауға көмектесуге шақырады.

5 6 7 8 9 0 

Соңғы жаңалықтар