Алматыда көлік қарама-қарсы бетке шығып кетіп апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қарама-қарсы бетке шығып кетіп апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Сүйінбай көшесімен жоғары бағытта келе жатқан Тойота Чайзер көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп төмен түсіп келе жатқан Тойота Прадомен соқтығысты.

Тойота Чайзер жүргізушісінің айтуынша, оны қасындағы көлік қысып жіберген. Соның салдарынан жүргізуші рөлді басқара алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер «Прадо» жүргізушісін ауруханаға алып кетті.

Соңғы жаңалықтар