Алматыда көктемнен бері 177 адамды кене шаққан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда көктем шыққалы бері 177 адамды кене шаққан. Оның 103-і бала, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. 2016 жылы 730 кене шаққан адам дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын. Оның 340-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Әзірге кене инцефалитымен ауырғандар тіркелген жоқ», - дейді дәрігерлер. Өткен жылы мұндай ауру 12 адамның ағзасынан анықталып, қажетті ем жасалыпты. Қазіргі уақытта қала мен тауылы аймақтарда кенеге қарсы жұмыстар қолға алынды. Яғни Алмаарасан шатқалы, Медеу маңы, қаладағы халық демалатын орындар дәріленіп жатыр. Ал табиғат аясына шығуда жоспарлағандар болса арнайы екпе салдыруы керек.

«Кімде кім бұл вакцинацияны алып үлгермесе, жедел кестемен алуға болады. Бұл екі турдың арасы екі аптаға дейін қысқартылады. Табиғат аясына шықпастан екі апта бұрын вакцинация жүргізілуі тиіс», дейді қалалық Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.
Айта кетерлігі, сәуір айының басында санитарлық дәрігерлер маусым айының алғашқы жартысынан қыркүйекке дейін ұласатын кене энцефалиті эпидемиологиялық маусымының басталғанын ескерткен болатын . 

Соңғы жаңалықтар