Алматыда қоғамдық кеңес құрамы кеңейеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Х Азаматтық форумының қатысушылары қаланың Қоғамдық кеңесін кеңейту қажеттілігі туындағанын атап өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоғамдық кеңестер рөлі мен оларды дамыту жайында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-шы қадамында айтылды. «Стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдаламалары  (бюджеттер, есептер,    мақсатты индикаторларға қол жеткізу), азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобалары, бағдарламалық құжаттар жобаларының орындалуын талқылау бөлігіндегі мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту».

Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттіктерін заңмен бекіту мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттырады. «Өздеріңіз білесіздер, бізде биыл 37 адамнан тұратын Қоғамдық кеңес құрылды. Ол азаматтық секторды қамтиды. Алматы қоғамдық кеңесі бүгінде   үлгі болуда, басқа өңірлерден әріптестері тәжірибемен алмасуды сұрап жатады.

Бүгін біз кеңестің жаңа мүшесі туралы мәселені көтереміз, Алматы қаласы үшін қазіргі құрам аздық етеді», - деп атап өтті ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Сыдықов. Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов мұны қолдады.  «Біз Қоғамдық кеңес мүшелерін 6 комиссияға бөлдік. Басты міндеттерге  қол жеткіздік - барлық проблемаларды тыңдадық.

Біз тәулік бойы жер мәселесін шешу бойынша жұмыс істедік. Қаламен байланысты да көптеген мәселелер бар. Мысалы, ПИК, лаңкестік мәселелері. Қазір кеңейетін уақыт келді», - деді   О. Алшанов.

Еске салсақ, наурызда 37 адамнан тұратын Қоғамдық кеңес құрылған.

Соңғы жаңалықтар