Алматыда кітап фестивалі аясында 1 мың кітап таратылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үшінші рет өткізіліп отырған KITAPFEST 2016 фестивалі аясында 1 мың кітап таратылды. Алматының 1000 жылдығына арналған фестивалді «Бауыржан» қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі мен Еуразиялық франчайзинг ассоциациясы ұйымдастырды.

Биылғы жылы да дәстүр бойынша кітап фестивалі әйгілі Шоқан Уәлиханов ескерткішінің маңында күздің алғашқы сенбісінде өткізілді.

Фестиваль бағдарламасы кітаптар жәрмеңкесін, оқырмандарға қызықты танымдық семинарлар, түрлі баспалардың кітап көрмесі мен танымал кітап авторларымен жүздесуді кірістірді. Биылғы жылы кітап фестивалінде 20-дан астам кітап баспалары мен кітап дүкендері қатысты. Алаң жанында арнайы шатырлар тұрғызылып, танымал кітаптар жеңілдікпен сатылды.  Әдеби семинарлардың жанкүйерлерін заманауи қазақстандық публицистер мен ақын-жазушылармен кездесу жандандырды. Олардың арасында «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбеков, танымал автор Вадим Борейко, публицист Дана Орманбаева, Александа Вет, Аджиджиро Кумано, және тағы басқа тұлғалар өз шығармашылықтарымен ішінара бөлісті.

KITAPFEST шарасының басты ерекшелігі де, үш жыл қатарынан фестиваль ұйымдастырушылары түрлі бағдарламалары мен мыңдаған кітаптарымен таң қалдырып келеді.  Әсіресе алғаш келген адамдар үшін күн сәтті басталды, себебі олар құнды кітаптарға ие болып үлгерді. Фестиваль аясында жиналған қауым қалағанынша кітаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальдің ерекшелігіне сондай-ақ жеке стендке өзіннің сүйікті кітабын жайлы жазып, өзгеге оқуға ұсынуға мүмкіндік болды.  Басты ұйымдастырушы «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Балаларға бақыт сыйла» атты қайырымдылық акциясын бастап, фестиваль аясында Педиатрия ғылыми орталығының балалар гематологиясы және қан аурулары бөліміне бірталай кітап жиналды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар